«Ашық алаң» бағдарламасында MNU Жоғары құқық мектебі директорының орынбасары, Digital Rights Center Qazaqstan (DRCQ) АХҚО-дағы директоры Дана Утеген
Қазақстанның Цифрлық кодексі жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, құжаттың өзегінде цифрлық ортадағы адамның құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерінің ең жоғары құндылық ретінде танылуы тұрғанын атап өтті.
Цифрлық заңнама қағидаттарының қатарында бұл принцип тікелей бекітіледі: цифрлық құқықтарды шектеу тек заңмен және тек конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қорғау үшін қажетті шамада ғана мүмкін.
Осы қағидаттан Цифрлық кодексте алғаш рет кешенді түрде бекітілетін цифрлық құқықтардың жаңа жүйесі туындайды.
Дана Утегеннің айтуынша, бұл нормалар Қазақстанда цифрлық конституционализмнің негізін қалыптастырады:
Технологиялық даму адам құқықтарының басымдығына бағынады, ал цифрлық трансформация жауапкершілік пен есеп берушілікпен қатар жүреді.
Дана Утеген ерекше тоқталған бағыттардың бірі цифрлық идентификацияға құқық.
Кодекс цифрлық тұлғаны басқа материалдық емес игіліктермен қатар құқықтық қорғау объектісі ретінде танып, азаматты цифрлық сәйкестендіруге заңда көзделмейінше мәжбүрлеуге болмайтынын, ал мемлекет цифрлық тұлғаны заңсыз араласудан және теріс пайдаланудан қорғауға міндетті екенін бекітеді.
Сондай-ақ ол адамның деректеріне бақылауын күшейтетін нормаларды атап өтті: цифрлық ортада дербес деректерді өңдеуге байланысты жоюды, анонимдендіруді немесе өңдеуді шектеуді талап ету құқығы бекітіледі. Бұл Қазақстанда «ұмытылу құқығы» цифрлық құқықтардың элементі ретінде танылып, сонымен бірге қоғамдық мүдде, сот төрелігі және өзге заңды мақсаттармен теңгерім сақталатынын көрсетеді.
Бұдан бөлек, ол алгоритмдік жүйелер мен толық автоматтандырылған шешімдерге қатысты нормаларға назар аударды: кодекс алгоритмдер тарапынан кемсітушілікке тыйым салып, азаматтың автоматтандырылған шешім қолданылғанын білуге, негізгі факторлар бойынша түсіндірме алуға, ал шешім құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер етсе, оны адам қатысуымен қайта қарауды талап етуге құқығын бекітеді.
Бұл нормалар жиынтығы Қазақстанда цифрлық конституционализмнің негізін қалыптастыратынын атап өтті: технологиялық даму адам құқықтарының басымдығына бағынады, ал цифрлық трансформация құқықтық жауапкершілік пен есеп берушілік қағидаттарымен бірге жүреді.
Эфирді толық нұсқада Qazaqstan TV YouTube арнасынан көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=j2bwKP5sE5M