DRCQ эксперті дербес деректерді қорғау бойынша бірнеше шараларды ұсынды

DRCQ эксперті дербес деректерді қорғау бойынша бірнеше шараларды ұсынды
Эфир кезінде киберқауіпсіздік, дербес деректердің қорғалуы және Қазақстан азаматтарының цифрлық құқықтары мәселелері талқыланды. 

Эфир барысында, атап айтқанда, мемлекеттік базалардан жеке деректердің сатылғаны жөніндегі соңғы оқиғаға назар аударылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, 140-тан астам адам (компания иелері мен Telegram-канал әкімшілерін қоса алғанда) қолға түсіріліп, 400-ден астам техника тәркіленді. Қазіргі уақытта бірнеше қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Өкінішке орай, коммерциялық компаниялардан немесе мемлекеттік сектордан деректердің ағып кетуі шындыққа айналып отыр, сондықтан қорғауды технологиялық және заңнамалық тұрғыдан жетілдіру қажет. Дана Өтеген азаматтардың өздерінің дербес деректерінің үшінші тарапқа сатылғаны жөніндегі ақпаратты қалай алуға болатыны туралы пікірін білдіріп, дербес деректерді қорғауға арналған бюджет қаражаттарын ұлғайту мен заң бұзушылықтарға жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өткен. 

Сонымен қатар, спикер Digital Rights Center Qazaqstan-ның жасанды интеллект туралы заң жобасын әзірлеуге қатысқаны туралы мәлімет берді, әсіресе, биометриялық деректерді қорғау саласында белсенді жұмыс жүргізілгенін айта білді. 

Эфирдің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/pVM0QFgDS1U?si=eskvvju2OUnhqGOA